Ұрланған активтерді елге қайтару жүрдек жүріп жатыр - Жамаубаев

Dalanews 15 қар. 2023 14:51 963

«Qazaqstan» телеарнасының эфирінде Премьер-Министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев заңсыз иемделінген активтерді елге қайтару бойынша жұмыстардың барысы туралы баяндап берді.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылданды, Премьер-Министрдің төрағалығымен арнайы Комиссия жұмысын бастап кетті.

«Өздеріңіз білесіздер, еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастауымен үлкен-үлкен саяси және экономикалық реформалар жүргізіліп жатыр. Олардың негізгі түп мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту және елімізді жаңа даму деңгейіне шығару. Осы тұрғыдан қабылданған заңның ел үшін, Қазақстанның болашағы үшін маңызы өте зор», – деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.

Активтерді қайтару тәсілдеріне келетін болсақ, Заң ерікті және мәжбүрлі қайтару механизмдерін көздейді. Ерікті түрде дегеніміз тиісті келісімге отырып, қаражат пен мүлікті мемлекетке қайтару. Ал мәжбүрлі түрде қайтару сот арқылы жүзеге асырылады. Осыған ұқсас тәсілдер, мысалы, Ұлыбританияда бар екен.

Қазіргі таңда арнайы Комиссия Заңның талаптарына сәйкес келетін субъектілердің Тізілімі қалыптастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Басты мақсат – заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтарып, әділеттікті орнату.

[video width="1920" height="1080" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2023/11/1_qaytarylgan_aktivter_qazaqstan_yekonomikasyna_zhumys_isteytin_bolady.mp4"][/video]

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар