Тоқаев қатысып жатқан форум бір минут үнсіздікпен басталды

Тоқаев қатысып жатқан форум бір минут үнсіздікпен басталды
Ақорда

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда "Қазақстан – Қытай" инвестициялық форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жиын басталмас бұрын форум қонақтары Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған. Суға кеткен 17 әскери қызметшінің 14-і қаза тапты, үшеуі құтқарылды. 

Осыған байланысты 25 қыркүйек - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. 

Қайғылы оқиғаға қатысты 12 сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, трагедияға байланысты күдіктілер анықталды.