Университетте аға оқытушы, мектепте мұғалім, журналист: Биыл Президенттік жастар кадр резервіне кімдер өтті?

Сағыныш Сардарова 06 қар. 2025 10:36

Президенттік жастар кадр резервіне қабылданғандардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үміткерлер мына 6 бағыт бойынша іріктеуден өткен:

  • "Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау" бағыты бойынша
  • "Әлеуметтік саясат, азаматтық қоғам" бағыты бойынша
  • "Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты" бағыты бойынша
  • "Сыртқы саясат және инвестициялар" бағыты бойынша
  • "Экономикалық және қаржылық саясат" бағыты бойынша
  • "Цифрландыру" бағыты бойынша

Тізімге енген кейбір азаматтарға шолу жасап көрдік:

  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің аға оқытушысы Камилла Әбділдина "Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау" бағыты бойынша 2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған. Камилла Әбділдина 29 жаста. 2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Камилла Әбділдинаға Алматы қаласынан тұрғын үй берілген. Ол – төрт баланың анасы. 
  • Тізімде танымал журналист Абай Сейфуллаұлының да есімі бары көрінеді. Ол Abay Live YouTube арнасын жүргізеді.
  • 2025 жылға арналған резерв құрамына енгендердің бірі - Алмагүл Ануарбекова. Ол еңбек жолын 2019 жылы Жезқазған қаласындағы №24 мектепте химия пәні мұғалімі болып бастаған. Қазір №24 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Айта кетейік, биыл бір орынға шамамен 148 адам бақ сынаған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға өсті. Биыл 31 мыңнан аса үміткердің ішінен 7 436 адам іріктеліп, алты кезеңнен 50 маман сүрінбей өткен.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар