Ұлттық ұланның әскери оркестрі Өскемен автовокзалын әнге бөледі

Жарбол Кентұлы 21 ақп. 2025 21:18 659

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518  әскери бөлімінің  оркестрі қаладағы қоғамдық шараларға белсене қатысады. Әскери оркестр таяуда «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы аясында қаладағы сауда үйінің бірінде соғыс жылдарындағы әндерді орындап, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген болатын, – деп хабарлайды Dalanews.kz «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұландықтардың кезекті концерті Өскемен қаласындағы  автовокзал ғимаратында өтті.

– Шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысына  қатысушылардың ерлігін мәңгі есте сақтау және болашақ ұрпаққа оларды жеткізу.  Бізде әлі бұл бағытта жоспарланған бірқатар жүйелі жобалар бар. Күні кеше  30 жылдық мерейтойын атап өткен әскери бөлім шахардағы қоғам тыныштығын қамтамасыз етуден бөлек, қала тұрғындарының бойына патриоттық сезім дарытуда сүбелі үлес қосып келеді, - 5518 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев.

Халық нөпірі көп ғимаратта оркестрдің  кәсіби деңгейде орындаған туындылары  көпшілікке көтеріңкі күй сыйлады. Алуан түрлі музыкалық аспаптың дауысын ести сала, өнерпаздарға  қызығушылық танытқандар жолаушылар саны лезде артып кетті. Тіпті, кезекті бағдарламасын аяқтаған оркестрге тағы да өнер көрсетулерін сұрап, қолқа салғандар да болды.

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар