Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды

Самал Асқар 14 ақп. 2026 14:02

Бауыржан Әбжанов Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысының өкімімен Әбжанов Бауыржан Садықұлы аталған лауазымға бекітілді.

Ол 2022 жылдың шілде айынан бері Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін, 2018 жылдың қараша айынан бастап Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясының бастығы болған. Ал 2018 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының инспекторлық-талдау басқармасының бастығы – Әскери кеңес хатшысы қызметін атқарған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove