Ұлттық банк 2025 жылы Ұлттық қордан балаларға бөлінетін төлем көлемін өсіреді

Кәмшат Тілеухан 29 қар. 2024 14:51 109

2025 жылы "Ұлттық қор балаларға" жобасы бойынша кәмелетке толмаған ел тұрғындарының арнайы шоттарына 2024 жылға қарағанда көбірек қаражат аударылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, Ұлттық қорды басқарудан биылғы жылдың 10 айында Ұлттық банк 5,3 млрд доллар табыс тапқан

"Аударымдар қаңтар айында жүргізіледі. Өткен жылы біз әр балаға шамамен 100 доллардан аудардық. 2023 және 2024 жылдар инвестициялық табыс тұрғысынан өте табысты болды. Сондықтан жылжымалы орташа мән өседі. Келесі жылдың қаңтар айында бұл реттегі сома көбірек болады", - деді Әлия Молдабекова Ұлттық банкте өткен брифингте.

Бұл реттегі сома цифрын Ұлттық банк нақтыламады, бірақ төлемдер 2025 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша балалардың санына байланысты болатынын жеткізді.

Аталған бағдарлама бойынша Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы жыл сайын 18 жасқа дейінгі балалар санына теңдей бөлінеді. 2024 жылы 18 жасқа толмаған азаматтардың әрқайсысына 100,52 доллардан ақша аударылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар