Украина мен Ресей өзара бітімге келсе, бұл Қазақстанның банк секторына қалай әсер етуі мүмкін - S&P

Кәмшат Тілеухан 14 нау. 2025 10:58 212

S & P халықаралық рейтингтік агенттігі Украина мен Ресей өзара бітімге келе алса, бұл ықтимал жағдай қазақстандық банктерге қалай әсер ететінін болжады. Сарапшылар айтарлықтай теріс салдарды болжамайды, бірақ бұл жайттың депозит нарығына әсер етуі мүмкін екенін нақтылайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Агенттік осы өңірден депозиттердің сыртқа ағылуы тежеліп отырғанын, бұған Ресей Федерациясының макроэкономикалық және саяси перспективаларындағы әлі де дүдамалдылықтың болуы түрткі екенін баса көрсетеді. Оның ішінде ақша аударымдары мен айырбасына да қатысты шектеулер бар.

Сондай-ақ, сарапшылар соғыс басталғаннан кейін өз бизнесін Қазақстанға көшіріп алған ресейлік компаниялар әлі де осында жұмысын жалғастыра береді деп болжайды. Алайда ақша аударымдарының көлемі қысқарып, қаржы ағынына әсер етуі мүмкін.

ЖІӨ-нің нақты өсіміне келетін болсақ, 2025-2027 жылдары Қазақстанда ол бірқалыпты болады. Сарапшылар 2022-2024 жылдармен салыстырғанда бұл көрсеткіш тұрақтанып келетінін, өйткені сауда-саттықтың, ақша аударымдарының және Ресейден капитал ағылуынан туындаған бастапқыдағы шок әсердің аптығы басылып,тәмамдалатынын айтады.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар