Үкімет баспананы табиғи апаттардан міндетті сақтандыру идеясынан неге бас тартты

Кәмшат Тілеухан 06 ақп. 2025 16:21 1668

Премьеринистрдің орынбасарыҰлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баспананы табиғи апаттардан міндетті сақтандыру тетігін енгізу идеясынан Үкімет неге бас тартқанына қатысты түсініктеме берді, деп жазады Dalanews.kz.

ҰЭМ басшысы әр отбасы мұндай шешімді өз бетінше қабылдауы керек деп санайды.

"Міндетті дейсіздер ме, онда бұл отбасы бюджетіне түсетін тұрақты жүктемені білдіреді, әр адам бұл жағдайда баспанасын аталған қауіп-қатерден сақтандыру-сақтандырмау жайын өзі шешуі керек....Біз басқа жолды таңдадық. Бұған жол бермеу үшін (мемлекет су тасқыны салдарынан туындайтын шығынды жаппас үшін) бүтін бір бағдарлама қабылданды, бүгін депутаттар оны талқылап жатыр. Бюджет кодексіне түзетулер енгізілді – су қоймаларын, каналдарды, бөгеттерді салу турасында. Бұл алдағы жылдары су басу қаупі мүлдем болмас үшін жасалады. Адамдарды табиғи қатерден қорғау керек, бас салып сақтандыруға мәжбүрлемей. Ең дұрысы, осы болуы керек", дейді Жұманғарин.

Бұған дейін  Сенат Бюджет кодексінің жобасын Мәжіліске кері қайтарғанын жазған едік. Құжатқа сенаторлар бірқатар өзгерістер мен түзетулер де енгізді. Соның бірі су тасқынын болдырмау шаралары болып табылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар