Freedom Inside '26

Қазақстан табысы орташадан жоғары елдер қатарындағы орнын сақтап қалды

Қазақстан табысы орташадан жоғары елдер қатарындағы орнын сақтап қалды
pixabay.com

Қазақстан Дүниежүзілік банктің жаңартылған жіктемесі бойынша табыс деңгейі орташадан жоғары елдер тобына енді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, 2025 жылғы жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс (GNI) көрсеткішіне сәйкес елдер төрт санатқа бөлінген.

Табысы төмен елдер қатарына жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табысы 1175 АҚШ долларына дейінгі мемлекеттер енгізілген.

Табысы ортадан төмен елдерге бұл көрсеткіш 1176-4635 АҚШ доллары аралығында болатын мемлекеттер жатады.

Ал Қазақстан 4636-14375 АҚШ доллары аралығындағы табыс көрсеткіші бар, табысы орташадан жоғары елдер санатына кірді.

Табысы жоғары елдер тобына жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табысы 14 375 АҚШ долларынан асатын мемлекеттер енгізілген.

Дүниежүзілік банктің жаңартылған тізімінде Қазақстанмен бірге табысы орташадан жоғары елдер қатарына Қытай, Әзербайжан және Түрікменстан да енген.