Freedom Inside '26

Президенттің сенімді серігі Қамшыбек Тәшиевке үкім шықты

Президенттің сенімді серігі Қамшыбек Тәшиевке үкім шықты
t.me/news24kg

Бішкектің Бірінші май аудандық соты "75-тің хаты" ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Іс бойынша айыпталған сегіз адамның барлығы, оның ішінде ҰҚМК бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев те лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал билікті күшпен басып алуға қатысты тағылған айып алынып тасталды.

Сонымен қатар сот оларға 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау тағайындады. Сондықтан сотталғандар жазасын колонияда өтемейді. Қамауда отырған бес адам сот залынан босатылды. Тәшиев олардың қатарында жоқ.

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы айыпталушыларға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.