Freedom Inside '26

Қазақстанда алғашқы криптоайырбастау пунктіне лицензия берілді

Қазақстанда алғашқы криптоайырбастау пунктіне лицензия берілді
ашық дереккөз

Ұлттық банк елдегі алғашқы криптоайырбастау пунктінің қызметіне лицензия берді. Лицензияны Pax Finance компаниясы алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Лицензия компанияға криптовалютаны заңды түрде сатып алу, сату және сақтау қызметін көрсетуге, сондай-ақ, бөлімшелер ашып, криптоматтар орнатуға мүмкіндік береді.

Цифрлық активтер нарығына қатысушыларды лицензиялау тәртібі Қазақстанда 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілген еді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта арқылы капиталды заңсыз шығаруға қарсы күресті күшейтуді тапсырған болатын. Жыл басынан бері елде жалпы айналымы шамамен 127 миллион АҚШ доллары болатын 130-дан аса заңсыз криптоайырбастау пунктінің қызметі тоқтатылып, тергеу аясында құны 5,3 миллион доллар болатын мүлікке тыйым салынған.