"Мониторингке жататын төлемнің төменгі шегін 3-5 мың теңге мөлшерінде белгілеу жөніндегі ұсыныс қолдау таппады, өйткені бөлшек сауда саласында бір тауардың құны осы шектен төмен болуы мүмкін, бірақ жалпы тауар айналымы айтарлықтай жоғары", – деп түсіндірді Жұманғарин депутат сауалына берген жауабында.
Қазіргі уақытта Ұлттық банктің қарауында Қаржы министрлігі басшысының критерийді толықтыру туралы бұйрығының жобасы жатқаны да ескертілді, онда банктер салықтық бақылау жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органдарына ақпарат беретін болады: қатарынан үш күнтізбелік айда 12 ЕТЖ (1 млн теңге) астам кіріс мобильді аударымдардың сомасы. Қазір критерий (салықтық бақылау жүргізу үшін кәсіпкерлік қызмет белгілері бар операциялар анықталған тұлғалар бойынша мәліметтер) бір жеке тұлғаның қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысы ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады.
Бұған дейін елімізде екінші ай қатарынан іскерлік белсенділік күрт баяулағанын жазғанбыз.