Қазақстанда іскерлік белсенділік екінші ай қатарынан баяулауда

Кәмшат Тілеухан 04 ақп. 2025 16:38 423

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар айында өндіріс пен қызмет көрсету саласындағы индекстің төмендеуіне байланысты іскерлік белсенділікт күрт баяулады, деп жазады Dalanews.kz.

Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі департаментінің директоры Рүстем Оразалин 2025 жылғы қаңтарда іскерлік белсенділік баяулағанымен, алайда, көрсеткіш 50,2-ні құрай отырып, өткен жылғы ақпаннан оң аймақта келе жатқанын нақтылайды.

 

Көрсеткіш өндіріс пен қызмет көрсету секторында индекс төмендеуіне байланысты баяулады. Бұл секторларда іскерлік белсенділік тиісінше 49,9-ға және 49,7-ге дейін (2024 жылғы желтоқсандағы тиісінше 50,4-тен және 50,2-ден) төмендеп, теріс аймаққа өтті.

"Көрсеткіш сауда мен құрылыста ғана тиісінше 51,6 және 51,2 құрап (2024 жылғы желтоқсанда тиісінше – 52,1 және 53,9), оң аймақта қалды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде индекс 49,9-ға дейін (48,3-тен) өскеніне қарамастан, әлі де теріс аймақта қалып отыр", - дейді Рүстем Оразалин.

 

2025 жылғы қаңтарда бизнес-ахуал индексі (БАИ) жақсарды. Бизнес жүргізудің қазіргі және келешек жағдайын бағалау көрсткіші де жақсарды. Сол себепті бизнес-ахуал индексі 12,8 болып, арта түсті. Бизнес-цикл "сағатының" индикаторы өсу аймағында қалды.  

"Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өнімдеріне/көрсетілетін қызметіне сұраныс артты. Көрсеткіш бәсеңдегеніне қарамастан, ең жоғары сұраныс құрылыста байқалып отыр", делінген түсініктемеде.

Жалпы экономикада сұраныс өсті, бірақ салалар бойынша өзгеріс әртүрлі бағытты көрсетті. Респонденттер инфрақұрылымның өзгеруіне оң баға берсе, қалған факторларды (бизнесті қорғау мәселесін, салық жүктемесін және қаржыға/кредитке қолжетімділікті) теріс бағалады, әсіресе салық жүктемесін бағалау көрсеткіші нашарлады.

Бұған дейін "Инфляция болжамды көрсеткіштен асып түсіп, сарапшылар шу етті" деген мақала жарияланған. 2025 жылы қаңтарда инфляция үдей түсіп, бір жылда 8,9% құрады. Сарапшылар оның болжамды көрсеткіштен асып түскенін, бұл факт ақша-несие саясатын қатаңдату қажеттілігін растайтынын дабыл қаға айтады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар