Астанада ер адам вокзал аумағында өзіне қол жұмсамақ болған

Астанада ер адам вокзал аумағында өзіне қол жұмсамақ болған
видео кадры

Астанада ер адам "Нұрлы жол" вокзалы аумағында өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның алдын ала мәліметінше, ол көпірден секірген. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, ер адам ауруханаға жеткізілген.

Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.