Мобильді аударымдар тексеріледі: қазақстандықтарға түсініктеме беруге 30 күн уақыт беріледі

Мобильді аударымдар тексеріледі: қазақстандықтарға түсініктеме беруге 30 күн уақыт беріледі
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстандықтарға мобильді аударымдарды мониторингтеу қорытындысы бойынша хабарлама келген жағдайда, түсініктеме беру немесе декларация тапсыру үшін 30 жұмыс күні беріледі. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Вице-министрдің сөзінше, қазіргі кезеңде азаматтарға айыппұл салу, банк шоттарын бұғаттау немесе қандай да бір шектеу енгізу мәселесі қарастырылып отырған жоқ.

– Азаматтарға ақша аударымдарының шығу тегін түсіндіру немесе салықтық міндеттемелерін орындау ұсынылады, – деді ол.

Еске салайық, салық органдары мобильді аударымдарды бірнеше критерий қатар орындалған жағдайда тексереді.

Атап айтқанда, егер ақша үш ай ішінде 100 немесе одан да көп әртүрлі адамнан түссе және аударымдардың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асса, мұндай операциялар мониторингке ілігуі мүмкін.

Осылайша, бақылау жеке тұлғалар арасындағы барлық аударымдарға емес, нақты белгіленген өлшемдерге сәйкес келетін операцияларға жүргізіледі.