Түйе ұрлаған қызылордалық 5 жылға сотталды

Көркем Алдабергенова 10 сәу. 2026 10:37

Көршісінің түйесін ұрлаған қызылордалық 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағы бойынша сотталушы Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы бұрын меншікке қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған бола тұра, тиісті қорытынды жасамай, бөтеннің малын жасырын ұрлау мақсатында көршісінің үйінің ауласына қоршаудан секіріп түсу арқылы заңсыз кіріп, мал қорасынан бір бас түйені жетектеп алып кеткен. 

Қылмыстық әрекет салдарынан жәбірленушіге 800 000 теңге мөлшерінде мүліктік зиян келтірілген.

Сотталушының кінәсі оның мойындаған жауабымен, жәбірленуші мен куәнің жауаптарымен, іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушы Д. ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 2)тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove