Түркістанда құрылыс заңдылығын сақтамаған 14 ғимарат бұзылды

Ақтоты Жапатова 19 ақп. 2025 13:58 589

Түркістан қаласында құрылыс заңдылығын сақтамаған 14 ғимарат сот шешімімен бұзылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Түркістан қаласы күн санап дамып, жаңа нысандар бой көтеріп келеді. Алайда кез келген құрылыс заң талаптарына сай жүргізілуі тиіс. Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшенов жобалаушы ұйымдар, техникалық қадағалаушылар және мердігерлермен кездесіп, құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
 
Құрылыс – тек қала көркі ғана емес, ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі. Сондықтан заңсыз және рұқсатсыз салынып жатқан нысандарға қатаң бақылау жүргізілуде. Мониторинг және бақылау жұмыстарының нәтижесінде мына деректер анықталды:
 
112 кәсіпкерлік нысан толық аяқталмай пайдалануға берілген. Олардың басым бөлігі Тәуке хан даңғылы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, С.Қожанов, С.Ерубаев көшелері мен Қызылорда және Кентау тас жолдары бойында орналасқан. Сот шешімімен 14 нысан бұзылса, салынған әкімшілік айыппұл – 29 942 120 теңге (7475 АЕК).
 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
 
Құрылыс салу үшін қажет құжаттар тізімі:
  • Жер телімінің құжаты – нысан салуға рұқсат беретін акт.
  • Сәулет-жоспарлау тапсырмасы – қала құрылысына сәйкестігін айқындайтын жоба.
  • Эскиздік жоба – ғимараттың бастапқы сызбасы.
  • Сараптамадан өткен жұмыс жобасы – сапа мен қауіпсіздікті растайтын құжат.
  • Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға рұқсат – міндетті мемлекеттік рұқсат қағазы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар