Ауыр хәлдегі екі айлық нәресте Пхукеттен Алматыға медициналық авиациямен жеткізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, сәби өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған және тұрақты түрде оттегі қолдауын қажет еткен. Осыған байланысты оны арнайы медициналық кювезде тасымалдау туралы шешім қабылданған.
Сәбиді Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиация бригадасы елге жеткізген. Құрамында дәрігер Жасұлан Жұмғұлов, фельдшер Болат Шәріпов және неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев болған.
Алматыға жеткізілгеннен кейін нәресте әрі қарай ем қабылдау үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызылған.