Бүгін түске дейін «Қазақстанда салынатын атом электр станциясының (АЭС) құны құпия болады» деген ақпарат тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Осыған байланысты Қазақстанның Атом энергиясы агенттігі ресми түсініктеме берді.
Агенттік өз жұмысында барынша ашықтық қағидатын ұстанатынын мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, АЭС құрылысына қатысты негізгі келісімдер мен ынтымақтастық шарттары ашық дереккөздерде жарияланады. Алайда жобаның технологиялық ерекшеліктері, ауқымы және халықаралық тәжірибе ескеріліп, кейбір мәселелер құпиялылық келісімдерімен реттеледі. Соған сәйкес жекелеген ақпараттардың таралуына шектеу қойылуы мүмкін.