Көкшетаудағы жантүршігерлік жол апаты: жаңа мәлімет пайда болды

Көкшетаудағы жантүршігерлік жол апаты: жаңа мәлімет пайда болды
видео кадры

Көкшетауда адам өліміне әкеп соққан жол апатынан кейін көлік жүргізген әйелдің күйеуіне 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Мәжіліс дәлізінде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Оның айтуынша, көлік жүргізген әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалған. Сот оны үйқамаққа алу туралы шешім шығарған.

Сонымен қатар, көлікті заңсыз басқаруға берген адамға қатысты бөлек қылмыстық іс тіркелген. Тергеу мәліметінше, ол - күдіктінің күйеуі. Оған Қылмыстық кодекстің 349-бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 9 мамырда Көкшетауда болған еді.