«Балапан» продюсеріне қатысты дау: ІІМ тергеуді бастады

«Балапан» продюсеріне қатысты дау: ІІМ тергеуді бастады
видео кадры

Қазақстан Ішкі істер министрлігі «Балапан» арнасының продюсеріне қатысты айтылған педофилия айыптарына байланысты тергеуді бастады, деп хабарлайды dalanews.kz.

ІІМ министрінің орынбасары Санжар Әділов қазақстандық актер әрі кәсіпкер Нұрғали Нұғман жасаған даулы мәлімдемеге пікір білдірді.

Нұрғали Нұғман продюсерді зорлады деп айыптаған.

Санжар Әділовтің айтуынша, қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ресми түрде тергеу басталған.

"Барлық айтылған уәждерге құқықтық баға беріледі", – деді министрдің орынбасары.

Еске салайық, қазақстандық Нұрғали Нұғман есімді жігіт өзін продюсер ағасы зорлағанын мәлімдеген болатын. Артынша ол тағы бір мәлімдеме жасады. 

Оның айтуынша, бұған дейінгі видеода ол "Балапан" телеарнасын "балапан" деп аталған коммерциялық жобамен шатастырып алған.

"Менің көкем зорлады деген видеоны көрген боларсыздар. Негізі ол жерде "Балапан" телеарнасын "балапан" коммерциялық жобасымен шатастырыппын. "Балапан" телеарнасының ұжымынан кешірім сұраймын және олардың еңбегін өте жоғары бағалаймын. Осы жағдай туралы сұхбатқа шақырсаңыздар, бәрін толық айтып беруге дайынмын. Бұл ақиқатты көлеңкеде қалдырғым келмейді, сіздерден қолдау күтемін. Өйткені мұндай жағдай біздің елде көбейіп кетті. Сондай зардап шеккен адамдардың бірі – менмін", – деді ол.