Түркістанда түркі елдерінің басшылары бас қосады

Түркістанда түркі елдерінің басшылары бас қосады
gov.kz

13-14 мамыр күндері Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға ресми сапармен келеді. Оны Астанаға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кездесу барысында тараптар қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің қазіргі ахуалы мен алдағы даму бағыттарын талқыламақ. Сонымен қатар екі ел басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысына қатысады.

Айта кетейік, 15 мамырда Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы-на мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті өтеді. Басқосуда жасанды интеллект пен цифрлық даму мәселелері күн тәртібіне шығарылады.