Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің «Turkistan» АЭА» АҚ өкілдері «Диал Строй» ЖШС-нің директоры Ғабит Маматриымов пен БИЛ-дің бірінші вице-президенті Мухаммадали Ибрагимовпен кездесуінде келісімге келді.
Инвестордың шаһардағы мәдени-рухани орталықтан шығыс үлгісіндегі сауда орталығын салмақ ойы бар. Сондай-ақ кездесуде қаланың әкімшілік-іскерлік аумағында заманауи қонақүй салу туралы жоспар талқыланды.
«Нұрорда» халықаралық мектебі» – еліміздегі ең үздік білім ошақтарының қатарында. Төрт тілде білім беретін халықаралық мектепте барлық жағдай жасалады. Білім беру кешенінде футбол алаңы, жатақхана және бассейн салынады.
5 гектар жерге жайғасатын заманауи мектептің қабырғасы биыл қаланады. Жоспар бойынша 2024 жылғы жаңа оқу жылында ашылады деп күтілуде.
«Нұрорда» халықаралық мектебі» Қазақстанның ірі қалаларында бар.