Астанада жол ережесін өрескел бұзған BMW жүргізушісі 20 тәулікке қамалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Елордада 22 жастағы жүргізуші түнгі уақытта дрифт жасап, қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Ол қауіпті маневрлер салдарынан жол жабынын бүлдірген. Сонымен қатар, оның көлік басқаруға құқығы болмағаны анықталды.
Осы құқықбұзушылықтар үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, көлікті басқаруға құқығы жоқ адамға көлікті бергені үшін оның иесі де жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.