Алматыда Сайран маңынан қару мен оқ-дәрілер табылды

Алматыда Сайран маңынан қару мен оқ-дәрілер табылды
видео кадры

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен оқ-дәрілер табылды. Күдікті заттар Садовников көшесіндегі жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақтан анықталған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға орнына Әуезов аудандық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шұғыл жетті. Қару мен патрондар заңда белгіленген тәртіппен тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Алдын ала мәлімет бойынша табылған қару газды қару санатына жатуы мүмкін.

Қазір полицейлер қару қайдан келгенін, кімге тиесілі екенін және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.