Ақмола облысы Астрахан ауданының прокуратурасы 1,6 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Аудан прокуратурасы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптары бұзылғанын анықтады.
Ірі көлемдегі сомаға жұмыстарды сатып алу жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысыз, сондай-ақ, жұмыстардың болжамды құнына тиісті экономикалық негіздеме жасалмай жоспарланған.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 1,6 млрд теңге сомасындағы мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылды.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.