Korean Air әуе компаниясы Қазақстан нарығына кіреді

Korean Air әуе компаниясы Қазақстан нарығына кіреді
ortcom.kz

Korean Air әуе компаниясы Қазақстан нарығына кіреді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әуе компания тасымалды 2027 жылы жаздан бастауды жоспарлап отыр. Рейстер Сеул – Алматы бағыты бойынша орындалады. Сондай-ақ, компания Сеул – Астана бағытын ашуға мүдделі.

Оңтүстік Корея – Алматыға туристер көп келетін негізгі елдердің бірі. 2025 жылы Корея Республикасынан қалаға 23,2 мың адам келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға жоғары.

Кореялық туристер қызығушылығының артуы Алматының іскерлік туризмін дамытуға, корпоративтік топтарды тартуға және халықаралық әріптестікті кеңейтуге жол ашады.