Астана полициясы қоғам белсендісі, эколог Лаура Маликоваға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Бұған оның әлеуметтік желідегі жарияланымдары себеп болған, деп хабарлайды dalanews.kz
Бұған дейін Лаура Маликованың ұсталғаны және әлеуметтік желідегі парақшаларында белсенділігі тоқтағаны туралы ақпарат тараған еді.
ZTB редакциясының ресми сауалына жауап берген Астана қалалық полиция департаменті экологтың әлеуметтік желідегі жазбаларына байланысты тергеу басталғанын хабарлады.
«Азаматшаның әлеуметтік желілердегі жарияланымдарынан анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр», – делінген ведомство жауабында.
Алайда полиция өкілдері тергеудің нақты қай бап бойынша жүргізіліп жатқанын айтпады.