Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлық қоғамның билікке деген сенімін әлсіретіп, мемлекеттің дамуын тежейтінін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысы жемқорлық қылмысқа қатысы бар кез келген адам жауапқа тартылатынын қатаң ескертті.
"Кінәлілердің ешқайсысы заң жүзіндегі жауапкершіліктен сытылып кете алмайды. Оған лауазымы да, сіңірген еңбегі де, тіпті ықпалды “қамқоршылары” да көмектеспейді", – деді президент.
Тоқаев жемқорлыққа қарсы күресте ешкімге аяушылық танытылмайтынын және заң талаптары барлығына бірдей қолданылатынын атап өтті.