Қазақстан электронды үкіметті дамыту деңгейі бойынша әлемдік рейтингте сегіз сатыға көтеріліп, 16-орынға жайғасты. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының 2026 жылғы электронды үкімет жөніндегі зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазақстанның электронды үкіметті дамыту индексі 0,9363 балды құрады. Осылайша, еліміз Швеция, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия және Польша секілді мемлекеттерді басып озды. 2024 жылғы рейтингте Қазақстан 24-орында болған.
Сондай-ақ Қазақстан алғаш рет электронды үкіметі ең жоғары деңгейде дамыған 21 мемлекеттің қатарына қосылды. ТМД және Орталық Азия елдері арасында да бірінші орынға шықты. Бұл тізімде Өзбекстан - 32, Әзербайжан - 38, Ресей - 50, Армения - 55, Қырғызстан 83-орында тұр.
Әлемдік рейтингтің көшін Оңтүстік Корея бастады. Одан кейін Дания мен Сингапур орналасқан.