Астанада кәсіпкер журналистің микрофонын жұлып алып, таспен қудалаған

Астанада кәсіпкер журналистің микрофонын жұлып алып, таспен қудалаған
Ашық дереккөз

Астанада наубайханадағы санитарлық жағдайды түсіріп жүрген «Жетінші арна» тілшісінің микрофонын тартып алып, телеоператорды таспен қудалаған кәсіпкерге 86,5 мың теңге айыппұл салынды. Жанжалға қатысқан телеоператор да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының мәліметінше, оқиға наубайханадағы санитарлық талаптардың сақталуы мүмкін еместігі туралы түсірілім кезінде болған. Кәсіпкер тілшінің микрофонын жұлып алып, қолына тас ұстап телеоператорды қуа жөнелген. Қақтығыс кезінде ол әйелді жерге құлатқан.

13 қарашада сот кәсіпкерді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 86 500 теңге айыппұл салған.

Ал телеоператор микрофонды қайтарып алуға әрекеттенген кезде басқа адамның тыныштығын бұзды деп бағаланып, оған да айыппұл тағайындалған.

Осылайша, жанжалға қатысқан екі тарап та әкімшілік жауапкершілікке тартылды.