Түркістанда білім берудегі жаңа тәсілдерді жетілдіру мәселесі сөз болды

Dalanews 06 қар. 2018 04:39 752

Түркістанда «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында білім берудегі жаңа тәсілдерді жетілдіру мәселесі сөз болды.

Ел президентінің биылғы жолдауы білім нәрімен сусындатушы ұстаздар қауымына тың серпін беріп отыр. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бастапқы орынға шығарылған. Саясаттың қолбаласына айналып кеткен мұғалімдердің мәртебесін көтеру жағы да назардан тыс қалып отырған жоқ.

«Өрлеу» институтының Түркістан облысы бойынша директорының орынбасары Шынар Ергешбаеваның айтуынша осы кездесуде Елбасы Жолдауындағы Білім саласы қауымдастығына қарата айтылған көптеген проблемалар көтеріліп, тапсырмаларды орындау жолдарын талқыланды.

"Бүгінгі кездесуде көтерілген мәселелерді жинақтап Білім және ғылым министрлігіне жолдамақпыз. Президент айтқандай әдістемелік білім әлсіз, бар болғанымен қуаты жоқ. Осының себептерін зерттеп, мониторинг жүргізіп, келешекте Түркістан облысының мұғалімдеріне «Өрлеу» өзінің мониторингтік бағдарламасын жарыққа шығармақшы", – дейді ол.

Шараға қатысқан Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов өз кезегінде:

«Оқушылар біздің мұғалімдерден артық біліп жатқан жайы бар. Себебі университет бағдарламасы бұрын бекітіліп қойған стандарт. Ал қазіргі Назарбаев мектебінің тәжірибесін алатын болсақ, сумативті бағалау яғни нәтижеге байланысты бағалау әлі институттарда берілген жоқ. Бірақ сабақ беріп жатқан мұғалімдерді «сен институтта білім алған жоқсың, сен мұны білмейсің» деп лақтырып тастай алмаймыз ғой. Сондықтан олардың біліктіліктерін көтеріп, қазіргі заман талаптарына сай қайтадан дайындауымыз керек» деген пікіл білдірді.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар