Қытай мен Иран бағыты
АҚШ-тың Орталықтандырылған қолбасшылығының басшысы, генерал Джеймс Остин 2016 жылдан бастан АҚШ Түркіменстанға әскери тұрғыдан көмек көрсететінін мәлім етті. АҚШ конгресмендері ресми Ашхабадқа көмек көрсетуге қолдау көрсеткен. Түркіменстанның АҚШ-тың көмегіне мұқтаж болуына «Ислам мемлекеті» ұйымының сарбаздары Ауғанстанның солтүстік аумағында бой көрсетуі себепші болғаны даусыз. Бұдан басқа Қытайға газ экспорттап отырған елді АҚШ бақылауда ұстауға қашанда құштар.
Дүниежүзі бойынша табиғи газдың қоры төртінші орын алатын Түркіменстен ен байлығын сырт елдерге тиісті деңгейде экспорттай алмай отыр. Бүгінде Түркіменстанның көгілдір отын өндіру ісі Кеңес кезеңіндегі деңгейге әлі жете алмауда. Кезінде түркімендер жылына 89 млрд текшеметр газ өндірген болатын. Ал өткен жылы түркімендер 77 млрд текшеметр газ өндіріп, рекордтық меженің маңайына барып қайтты.
Қазіргі таңда Түркіменстан Иран мен Қытайға қарай газ құбырын тартып, жерасты байлығын экспорттап, қыруар пайда табуға күш салуда. Әсіресе, Қытай бағытындағы құбырға айрықша сенім артылуда.
Біршама уақыт бұрын түркімендер көгілдір отынын кеңес заманында қолға алынған «Орталық Азия – Орталық» бағыты бойынша Украинаға экспорттауға күш салып көрді. Бірақ бұған Украинамен бетжыртысқан Ресей толықтай шектеу қойып отыр. Соңғы уақыттары дүниежүзін шарпыған саяси-экономикалық дағдарыс Түркістанның газ экспортына кері әсер етіп, адымын аштырмауда.
Қырғыз бен тәжік сыбағасы
Бүгінде Түркіменстанның арзан газын сатып алуға ниетті мемлекеттер баршылық. Оларды тіпті Еуропа мен Азияның алыс жатқан елдерінен іздеудің де қажеті жоқ. Айталық, іргедегі қырғыздар мен тәжіктер түркімен газына бірнеше жылдан бері қол созып келеді. Бірақ арадағы Өзбекстан Орталық Азиядағы көршілерінің саяси-экономикалық тұрғыдан күш алып кетуіне барынша кедергі жасап бағуда. Біршама уақыт бұрын түркімендер көгілдір отынын кеңес заманында қолға алынған «Орталық Азия – Орталық» бағыты бойынша Украинаға экспорттауға күш салып көрді. Бірақ бұған Украинамен бетжыртысқан Ресей толықтай шектеу қойып отыр. Соңғы уақыттары дүниежүзін шарпыған саяси-экономикалық дағдарыс Түркістанның газ экспортына кері әсер етіп, адымын аштырмауда.
[caption id="attachment_10145" align="alignleft" width="480"] Иран мен Түркіменстан газды бірігіп игеруге келісім беріп тұр.[/caption]
Иран солтүстік-шығыс аумағындағы провинцияларына қажетті газды Түркіменстаннан алып келді. Өйткені, ресми Тегеран елдің оңтүстігінде өндірген мол газын солтүстікке жеткізе алмаған еді. Батыс елдерінің экономикалық санкцияларынан кейін Иран ішкі капиталдың сыртқа кетпеуін қадағалап, ел аумағын толықтай газдандыру ісін қолға алған болатын. Міне, соның арқасында Иранның солтүстігіндегі провинциялары түркімен газынан толықтай бас тартып, өздерінің газдарына қол жеткізді. Осы жағдайдан кейін Иранға жыл сайын 8-12 млрд текшеметр газ экспорттауды жоспарлаған Түркіменстан өткен жылы Иранға бар болғаны 5 млрд текшеметр газ экспорттаған. Алдағы уақытта Иран бағытындағы газ экспортының көлемі төмендей беруі мүмкін. Өйткені, әлемде газ қоры жөнінен Ресейге ғана жол беретін Иран өз газын игеруге баса мән беріп отыр.
Әлеуметтік жеңілдік тоқтады
Жалпы, Түркіменстан жылына 155 млрд текшеметр газ экспорттайтын мүмкіндікке ие. Бірақ олар экспорттық әлеуетін өз деңгейінде ұйымдастыра алмауда. Соңғы уақыттары әлемдік нарықта мұнай бағасының құлдырауы түркімендер үшін жығылған үстіне жұдырық болды. 2015 жылы Түркіменстан бюджеті 1 млрд доллар (3,4 млрд түркімен манаты) дефицитке ұрынды. Бұл Орталық Азиядағы шағын мемлекет үшін өте қомақты қаржат. Осыдан кейін ресми Ашхабад әлеуметтік салаға бөліп келген қаржыларын қысқартуды көздеп отыр. Түркімен билігі халықтың электр қуатын тегін пайдалануын тоқтатып, арнайы тариф белгіледі. Бұдан басқа әрбір түркімен азаматына жарты жыл сайын берілетін 750 литр бензинді де қысқартқаны белгілі. Ұлттық валютасын манатты 20 пайызға дейін девальвация жасап, бюджет қызметкерлерінің жалақысын 10 пайызға ғана көтерген. Осылайша Орталық Азиядағы бірден бір халқы әлеуметтік тұрғыдан жоғары деңгейде қорғалған мемлекет статусынан біртіндеп айырыла бастады. Егер алдағы уақытта Түркіменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхаммедов газ экспортын тиімді бағытта ұйымдастырмаса, экономикалық ахуал күрделене беруі мүмкін. Түркіменстан президенті бұл шаруаны бейтараптанып шеше алмасына көзі жеткендей. Сондықтан ол айналасындағы көршілері мен алыстағы Америкамен ынтымақтастық орнатуға күш салуда.
ТАПҮ жобасын іске асыруда ресми Ашхабад АҚШ-тың қолдауына арқа сүйейтіні анық. Бірақ екі күннің бірінде жарылыстан көз ашпайтын Ауғанстан мен Пәкістан аумағы арқылы газ құбырын тарту тәуекелі басым жұмыс.
[caption id="attachment_10146" align="alignright" width="408"] Ашхабад газ өндіріс ұлғайтпаса, экономикасы сыр бере бастауы мүмкін[/caption]
Қауіпті бағыт...
Экономикалық қиын жағдаймен бетпе-бет келген ресми Ашхабад қазір Түркіменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан (ТАПҮ) газ құбырын тарту мәселесін қарастырып жатыр. Бұл жобаның сөз болғанына бірнеше жылдың жүзі болғанын білеміз. Бірақ жоба қолға алынып, құрылыс жұмыстарының басталатын түрі көрінбейді. Әрине, ТАПҮ жобасын іске асыруда ресми Ашхабад АҚШ-тың қолдауына арқа сүйейтіні анық. Бірақ екі күннің бірінде жарылыстан көз ашпайтын Ауғанстан мен Пәкістан аумағы арқылы газ құбырын тарту тәуекелі басым жұмыс. Бұдан бұрын түркімендер әзірбайжандармен бірлесіп, Каспий теңізі арқылы Еуропаға газ құбырын жүргізуге ұмтылған еді. Өзгеден бұрын өзінің газын Еуропаға жеткізуді жөн санаған әзірбайжандар көршілеріне дұрыс ұсыныс жасамай, жоба аяқсыз қалды. Осылайша түркімендер қолда бар газын айналаыана сата алмай, қиналып отырған жайы бар. АҚШ пен Түркіменстанның арасындағы әскери байланыстың орнауынан алдағы уақытта ТАПҮ газ құбырының қолға алынып қалуы мүмкін екенін аңғаруға болады. Болашақта АҚШ-тың әскерилері газ құбырының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді желеу етіп, әскери контингентін әкелуі бек мүмкін. Ал бұл жағдай өз кезегінде Қытай мен Ресейдің бүйіріне қанжардай қадалатыны сөзсіз. Жалпы, АҚШ пен Түркіменстанның жақындасуы Өзбекстанның да оң жамбасына келмейді. Қалай болғанда түркімен газы ірі мемлекеттердің мүдделер қақтығысына себепші болуы ықтимал.
Дайындаған Нұрлан ЖҰМАХАН.