Трамп Тоқаевқа ерекше сыйлық жіберген

Көркем Алдабергенова 23 жел. 2025 09:50

АҚШ басшысы Дональд Трамп президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше сыйлық жіберген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелескен. Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті.

"Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттады", - дейді президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай. 

АҚШ Президенті Мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдаған. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар