Трамп Путинмен кездеспейтін болды

Көркем Алдабергенова 23 қаз. 2025 09:08

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Будапештте өтеді деп жоспарланған кездесуді болдырмай тастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәлімдеме Вашингтонда жасалды

Бұл туралы Трамп НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен Вашингтондағы кездесу кезінде айтты.

«Маған бұл кездесуден қалаған нәтижеге жете алмайтынымыз анық болды. Сол себепті кездесуді тоқтаттым. Бірақ болашақта оны міндетті түрде өткіземіз», – деді АҚШ президенті Ақ үйдегі брифинг барысында.

Алдын ала келісім және жаңа санкциялар

Еске салайық, бұған дейін, 16 қазандағы телефон әңгімесі кезінде Трамп пен Путин Будапештте жеке кездесу өткізуге келіскен болатын.

Сонымен қатар, АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қарсы санкцияларды күшейткенін хабарлады. Шектеулер «Роснефть» және «Лукойл» сияқты Ресейдің екі ірі мұнай компаниясына енгізілді.

Бұған дейін Путиннің Будапештке жоспарлаған сапары қиындай түскенін хабарлаған едік. Бұған Еуропа елдерінің бірінен соң бірі Путиннің келуіне қарсы шығуы себеп болған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар