Трамп Путин және Си Цзиньпинмен кездесетінін растады

Трамп Путин және Си Цзиньпинмен кездесетінін растады
instagram.com/realdonaldTRUMP

АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада Қытайда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында Ресей президенті Владимир Путинмен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесетінін растады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген Трамп алдағы келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі ядролық қарудан арылу мәселесі болатынын айтты.

«Мен Қытайға бармақпын. Кездесулердің бірі президент Путинмен және президент Симен өтеді деп ойлаймын. Бұл қызықты болмақ. Біз көптеген мәселені, соның ішінде ядролық қарусыздану мәселесін талқылаймыз», – деді АҚШ президенті.

Алдағы кездесулерде үш ел арасындағы қарым-қатынас пен халықаралық қауіпсіздік мәселелері де талқылануы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Трамп Путинмен және Зеленскиймен жақын арада кездесуі мүмкін екенін айтқан еді.