Айтыскер ақын Надежда Лушникова 86 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы жеткізді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Надежда Лушникова 1940 жылғы 22 қарашада Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Ол қазақ тілінде білім алып, қазақы ортада өскен. Өмірін әдебиет пен ақындық өнерге арнаған.
1961 жылы Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық училищесін, ал 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдады.
Лушникованың шығармашылық жолында айтыстың орны ерекше болды. 1963 жылы Қызылордада өткен облыстық айтысқа қатысып, жүлделі орынға ие болды. Оның шымкенттік ақын Қалдыбек Әліқұловпен айтысы кинотаспаға түсіріліп, режиссер Т.Дүйсебаевтың "Айтыс" фильміне енді.
Кейінгі жылдары да Лушникова ақындар айтысына қатысуын жалғастырды. Ол 1965 және 1978 жылдары Жамбыл ауданында, 1977 және 1979 жылдары Алматы облысында өткен айтыстарда өнер көрсетіп, жеңіске жетті.