Алматы қаласындағы «РФММ» КеАҚ филиалына жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Республикалық физика-математика мектебінің Алматы филиалының директоры болып «Математика» мамандығы бойынша PhD докторы Алмаз Мұхамбетұлы Кунгожин тағайындалды. Ол бұған дейін РФММ-да білім алған.
Мейірбек Мейірлан Едігерұлы директор қызметіндегі жұмысын аяқтады.
Алмаз Күнғожин 2018–2023 жылдары мектепті басқарған. Әр жылдары РФММ-да мұғалім, математика пәнінен олимпиадаға дайындау бойынша жаттықтырушы, Директордың бейіндік-эксперименттік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап «РФМШ» КеАҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары қызметін атқарды.
РФММ-де не болған еді?
2026 жылғы 12 қазанда Алматыдағы Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына жіті ішек инфекциясының белгілерімен оқушылар түсе бастаған. Зардап шеккендердің барлығы мектеп интернатында тұрған.
Оқушыларды тамақпен қамтамасыз еткен Master Food компаниясының ас блогына жүргізілген тексеру кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, азық-түлікті сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтандыруды ұйымдастыру талаптары сақталмаған.
Осы оқиғадан кейін Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс тіркеді.
Жаппай улану дерегінен соң мектеп уақытша қашықтан оқыту форматына көшіріліп, интернат пен асхана жұмысы тоқтатылды.
22 қазанда Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 12 қазаннан бері ауруханаға түскен 58 оқушының барлығы емделіп, үйлеріне шығарылғанын хабарлады.