Атырау облысының Жаңгелді ауылында бір отбасының төрт мүшесін қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сот үкіміне дейін мемлекеттік айыптаушы да сотталушыға дәл осындай жаза тағайындауды сұраған болатын. Прокурор оны екі немесе одан да көп адамды аса қатыгездікпен және пайдакүнемдік ниетпен өлтірді деген бап бойынша өмір бойына соттауды талап етті. Бұдан бөлек, оған өзге де баптар бойынша айып тағылған.
Еске салайық, Жаңгелді ауылындағы қайғылы оқиға өткен жылдың соңында болған еді.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Сұлтан Сәрсемәлиев бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, туған ағасы мен қарындасын аса қатыгездікпен өлтірген. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, кеңінен талқыланған болатын.