Тоқаев Ресей боданындағы ұлттар жеке мемлекет болуға құқылы дегенді меңзеді - журналист

Dalanews 18 мау. 2022 04:21 876

Петербордағы басты сөз ЛДХР емес, ол - Қазақстанға байланысты мәлімдемелерге жауап.

1) Жақсылап тыңдасаңыз, бұл жерде сұрақ «ДХР мен ЛХР-ді мойындайсыздар ма?» деген жоқ.

Кремлдің түсінігінше «Украинада өтіп жатқан арнайы әскери операцияға», ал, барлық әлем мен біздің түсінігімізше, путиндік, фашистік Ресейдің басып алушылық соғысына көзқарасыңыз қандай?" - деді.

Дипломат ретінде ол сұрақтан тайқып (яғни, қолдамайды) барып:

"БҰҰ жарғысы ол -  халықаралық қатынастарда басты құжат, әр ұлттың өзін билеу құқы бар, егер солай бола берсе әлемде 500 немесе 600-ден астам мемлекет пайда болып, хаос басталар еді" –деді.

Меңзегені - ондай жағдайда Ресейдің ішіндегі автономиялы ұлттар да жеке мемлекет болуға құқылы.


Халықаралық құқықты белінен басып Украинаның біраз жерін «тәуелсіз елдер» деп Ресейдің мойындағаны сияқты АҚШ пен Батыс елдері де Ресей ішіндегі Татар, Башқұрттардан бастап 20-дан астам елді тәуелсіз елдер деп мойындаса не болады. Ашық соғыс.

Украинадағы соғыс та дәл осындай мойындаулардың себебінен болып жатыр. Әр елдің жерінің тұтастығы басты мәселе екенін де айтты.

2) Осы арада қысқаша түсініктеме. Осы уақытқа дейін Қазақстан СІМ Мұхтар Тілеуберді де ДХР мен ЛХР сияқты сепаратистік аймақтары мойындамаймыз деген. Бұл бір сенсация емес.

Қазақстан 2008 жылы Оңтүстік Осетия мен Абхазияны да мойындаған жоқ. Косовоны да, Солтүстік Кипрді де мойындамайды. Халықаралық құқыққа қайшы.

Мәселе мынада. Ертең сол ДХР мен ЛХР-де референдум өтіп, «біз Ресейге қосыламыз» дейді. Сол кезде Қырым сияқты «бұл сол жердегі тұрғындардың өз қалаулары» деп отыра береміз бе?

2014 жылы Қырымда солай болды. Сосын біз «болған іс болды» дедік. Есі дұрыс елдер сол 2 ел мен Оңтүстік Осетия, Абхазияны мойындамайды. Ол жерде де-факто Ресей тұр. Оның үстіне сол елдердің барлығы Ресейге қосыламын деп референдумға барғалы жатыр.

Әлемде тек біз ғана емес, 193 елдің бәрі осы 2 елді танымайды.

3) Петорбор форумындағы басты сөз ЛХР мен ДХР емес, ресейлік жоғары шенділер мен депутаттардың, өнер адамдарының Қазақстанға байланысты жиі-жиі жасайтын жағымсыз мәлімдемелерінің соңында Ресейдің өзі көп нәрсе жоғалтады деп ескерткенінде.

Түсінген адамға осы ескертуі өте дұрыс болды. Ал Қазақстанның Ресей ықпалында әзірге қала беретіні онсыз да түсінікті. Сонымен қатар көптеген қазақстандық БАҚ "несін айтасың ДХР мен ЛХР-ді" айтты деп халықаралық құқық жағынан онсыз да солай болатын жағдайды жазып жатыр.

4) Ал Тоқаевтың сол форумға барғанының өзі Ресейді ресми болмаса да қолдап тұрғанын көрсетеді. Бізден басқа елдің басшылары бармаған сияқты. Амал жоқ жағдай солай. 7,5 мың шақырым шекара бар.

Оның үстіне Қазақстанда 15 пайыздан жоғары орыс, Қазақстанда тұрып жатқанын міндетсінетін түрлі-түрлі диаспора өкілдері, одан қала берді орыс мектебін ашпасаң Путинге айтамын дейтін өзіміздің қараорыстар тұрады.


Ресейге қарсы келсең Солтүстік өңірің «отқа» оранады. АҚШ пен Батыс болса Ресейдің қай тұсында болса да от шыға берсін, сосын ұзақ жандыратын боламыз деп қолын ысқылап күтіп отырғаны тағы белгілі.

5) Тоқаевтың бұл мәлімдемелеріне Путиннің өті жарылып кетпейді. Себебі Ресейге алдағы уақытта сұмдық күндер таяп келеді. Путин оны жақсы түсініп отыр.

2022 жылдың 29-30 маусым күндері Мадридте НАТО саммиті болады. Басты жаңалық Украина төңірегі мен НАТО-ға мүше боламын деп бара жатқан Швеция мен Финляндия емес.

Басты Жаңалық НАТО-ға серіктес ретінде Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Жаңа Зеландия, Индонезия, Вьетнам сияқты елдердің өкілдері бара жатыр. АҚШ пен Батыс елдерінің мақсаты – бір уақытта Ресей мен Қытайды әлсірету. Ресейдің кез-келген жерінен проблема шығару.

Мысалы Жапонияға тиесілі 4 арал бар.

«Серіктес» ретінде шақырылған елдердің барлығы Қытайдың көршілері. Қытай барып тұрақтанды, өзіне қаратты деген Пәкістан, Шри Ланка сияқты елдердің барлығында АҚШ билікті ауыстырып үлгерді. Қытайдың «Украинасы» Тайван төңірегінде ойындар жүріп жатыр.

Нұрат ІЛИЯС


https://dalanews.kz/bas-takyryp/78499-peterbor-forumy-toqaev-ormanday-orys

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар