Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі отырысында барлық салалық ведомствоға сын-ескертпелер айтты

Сағыныш Сардарова 18 нау. 2025 14:44 458

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай кеңес жөнінде толығырақ айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Жиын барысында барлық салалық ведомствоның атына сын-ескертпелер айтылып, егжей-тегжейлі талқылау өтті", - деп жазды ол.

Мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге қарсы күресті және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған үйлесімді жұмысты күшейту қажет екеніне назар аударған.

"Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң және тәртіп" қағидаты негізінде жұмысты ұйымдастырудың аса маңыздылығын атап өтіп, аталған салалардағы жағдайға талдау жасады.

Президент азық-түлік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, ел азаматтарын алаңдататын мәселелерді шешу үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігіне тоқталды", - деді Руслан Желдібай.

Мемлекет басшысы барша қоғамның мүддесі үшін Үкіметке Әділетті Қазақстанды құру бағдарламасын іске асыруға күш салуды тапсырған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар