Тоқаев: "Қажетсіз форумдарға ақша шашқанды ел енді көтермейді"

Dalanews 19 там. 2020 10:51 816

Коррупцияға қарсы күрес жөніндегі жиында президент Тоқаев жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту керектігін айтты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Пандемия кезеңінде және мемлекет пен азаматтарымыздың табысы азайған тұста жемқорлықпен күресті одан әрі күшейтуіміз керек.

Халықаралық сарапшылардың айтуы бойынша мемлекеттер пандемияның салдарымен күреске мол қаражат жұмсап жатқан кезде қаржыны мақсатқа сай пайдаланбау және жымқыру қаупі арта түседі.

Бөлініп жатқан қаражат мұқият әрі тиімді жұмсалуға тиіс. Бұл – әр теңге өзінің мақсатына сай жұмсалуы керек деген сөз.


Әсіресе, қазіргі жағдайда еш пайдасы жоқ және қажетсіз іс-шараларға қаражаттың шығындалуына  қоғамның қалай қарайтынын көріп отырмыз.


Сондықтан, мұндай мәселелерге болары болып, бояуы сіңгеннен кейін емес, алдын ала мән беру – өте маңызды", – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша атышулы құрықтаулардың соңы сиырқұйымшақтанып кетеді. Даулы істің аяғы дәйектің аздығынан тарқап тынып, парақор шенеунік сот залынан босап жатқанын көргенде қоғамның билікке деген сенімі сетіней түседі.

"Парамен ұсталған шенеунікті жазалаумен ғана шектелмеу қажет. Сол шенеунік еңбек ететін меморганды тұтастай тексеріп, мұндай жағдай қайтіп қайталанбас үшін тиісті амал-шара қолдану керек", – дейді Тоқаев.

Коррупцияға қарсы күрес жөніндегі Тоқаев мәлімдемесінің толық мәтінін төменнен оқи аласыз: 

https://dalanews.kz/55558


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар