Тоқаев Путинге көңіл айтты

Көркем Алдабергенова 24 шіл. 2025 18:45

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі ұшақ апатына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Еске салайық, бүгін Ресей Федерациясының Амур облысында бортында 43 жолаушы болған Ан-24 жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті. Көп ұзамай оның апатқа ұшырағаны белгілі болды. 

"Ангара" әуе компаниясына тиесілі, Хабаровск – Благовещенск – Тында бағытына қатынайтын жолаушылар ұшағымен Амур облысына келгенде, яғни Тында қаласының әуежайына бірнеше шақырым қалғанда байланыс үзілген. 

Ұшақ Тында әуежайына қону үшін екінші рет айналып келуге кеткенде радардан жоғалған. Іздеу жұмыстары барысында Ан-24-тің жанып жатқан қалдықтары аталған қаладан 16 шақырым қашықтықта таудың баурайынан табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, борттағы барлық адам қаза тапқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар