Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жеделхаттарда шетел көшбасшылары осы қиын сәтте Қазақстан халқына қолдау білдіріп, қазақстандықтардың ауыр қайғысына ортақтасатынын жеткізген. Сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтылған.
Көңіл айту жеделхаттарын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Сербия Президенті Александр Вучич, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы әрі Вьетнам Президенті То Лам, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян және Татарстан Раисы Рустам Минниханов жолдады.
Сонымен қатар бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері де Қазақстан Президентіне көңіл айту жеделхаттарын жіберді.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қоғамдастық өкілдеріне көңіл айтуы мен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.