Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеріс жүргізу жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Соның ішінде әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдайға кешенді тексеріс жүргізу мақсатында мына құрамда комиссия құрылған:
- Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары, комиссия төрағасы;
- Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары;
- Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары;
- Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
- Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының басшысы;
- Тәкиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасының қаржы министрі;
- Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары;
- Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
- Әмрин Азамат Кемеңгерұлы – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
"Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде баяндасын", - деп жазылған өкімде.