Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдіргендер ұсталды

Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдіргендер ұсталды
видео кадры

Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдіргендер ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бүгін таңертең Астанада Журналистер аллеясында вандализм дерегі тіркелген. Екі жігіт мүсінді, сондай-ақ, іргелес аумақтағы қоқыс жәшіктерін қиратқан.

Полиция елорданың екі тұрғынын анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

"Вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы оны тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды", - деді Астана ПД өкілі.