2025 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша банктердің айналымдағы карточкаларының саны 81,4 млн. жетті. Кеңінен таралған карточкалар түрі дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 81,5%, екінші орындағы кредиттік карточкалардың үлесі – 15,5%, деп жазады Dalanews.kz.
ҚР Ұлттық Банктің мәліметінше, ең көп шығарылған төлем картасы Алматыда тіркелген: 16,27 млн.
Сондай-ақ:
- Астана - 5 422,3 млн
- Шымкент - 4,180 млн
- Түркістан облысы - 3,938 млн
- Алматы облысы - 3,037 млн
- Қарағанды облысы – 3,678 млн.
Ең аз төлем карталары Ұлытау облысында тіркелген: 621,3 мың.
Бұл деректерді Орталық Азия елдеріндегі төлем карталарының санына қатысты деректермен салыстырып көрелік:
- Өзбекстан - 8,4 млн
- Қырғызстан - 8,55 млн
- Тәжікстан - 8,2 млн
- Түрікменстан - 5,82 млн.
Бір қызығы, Пәкістанда (240,5 миллион халқы бар) 2023 жылдың 15 сәуірінде барлығы 43 миллион төлем картасы ғана тіркелген.
Көріп отырғанымыздай, Қазақстан қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту бойынша Орталық Азия өңірінің барлық елдерінен 10 есе артық алда келеді:
"2024 жылдың желтоқсан айында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана жүргізілген транзакциялардың көлемі 19,9 трлн теңгеге жетіп, транзакциялар саны 1,2 млрд бірлікті құрады. Оның ішінде қолма-қол жасалмайтын транзакциялар саны 12,2% өсіп, 1,16 млрд құрады және көлемі 19,7% өсіп 17,4 трлн тенге құрады. Төлем карточкаларын ұстаушылардың қолма-қол ақшаны алу операцияларының саны 20,8 млн бірлікті, көлемі 2,5 трлн теңгені құрады. 2023 жылдың осындай уақыт аралығымен салыстырғанда ақша шешу операцияларының саны 2,6%-ға түсіп, көлемі 9,8%-ға артты".
Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз операциялардың негізгі үлесі интернет/мобильді банкинг (қолма-қол жасалмайтын операциялардың жалпы саны, көлемінен сәйкесінше 81,0% және 90,5%) және POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын операциялардың жалпы саны, көлемінен сәйкесінше 19,0% және 9,2%) арқылы жүргізілді.
Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жүзеге асырылған (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы саны мен көлемінен сәйкесінше 98,1% және 83,5%).
Бүгіндері Қазақстанда барлығы 12 569 банкомат жұмыс істейді, олардың басым бөлігі (2 288) Алматыда орналасқан. Астанада Алматымен салыстырғанда банкоматтар саны екі есе аз – 1 431.