Тираннозавр Рекстің қаңқасы рекордтық бағаға сатылды

Тираннозавр Рекстің қаңқасы рекордтық бағаға сатылды
Sotheby's

Тираннозавр Рекстің ең ірі әрі ең жақсы сақталған қаңқаларының бірі саналатын қазба қалдығы Sotheby's аукционында рекордтық 50,1 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Sotheby's аукцион үйінің мәліметінше, «Гус» (Gus) деп аталған бұл үлгі аукционда сатылған ең қымбат динозавр қазбасы атанды. Осылайша ол 2024 жылы стегозавр қаңқасы үшін төленген шамамен 45 миллион долларлық рекордты жаңартты.

Сауда барысында телефон арқылы қатысқан және аты-жөнін жарияламауды қалаған сатып алушы он минутқа созылған тартысты бәсекеде тағы алты үміткерді басып озған.

Аукцион басталғанға дейін сарапшылар бұл лоттың құнын 20–30 миллион доллар аралығында бағалаған еді. Алайда қызығушылықтың жоғары болуына байланысты қаңқа күтілгеннен әлдеқайда қымбат бағаға сатылды.