Threads-те қазақ тілі трендке айналды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлеуметтік желі қолданушылары қазақ тілінің қолданысын кеңейтіп, тек қазақша сөйлеуді үндеген.
"Орыс тобында оқыдым. Орысша ойланамын, ойымды жеткізгенде де орысша сөздер қолданған ыңғайлы. Соған қарамастан, тредсті таза қазақша жүргізуге шешім қабылдадым. Мені қолдап жіберіңіздер".
"Таза қазақша оқып, жазайық. Ухти, Ахи, Братан, Сестра деген сияқты сөздер керек емес. Әпекем, сіңілім, қарындасым, ағам, баурым, інім деген сияқты өз тілімізде айтайық! Тіліміз бай тіл ғой. Өзге тілді білейік, өз тілімізді құрметтейік".

"Қазір елдің жаппай қазақша жазайық, сөйлесейік деп жатқанына қуанам. Мен бұрыннан қай ұлт өкілі болсын, қазақша сұрай беремін. Қырсығып, ерегіскеннен емес, елде тұрған соң, расымен қарапайым сөздерді түсінеді ғой деп ойлаймын. Бірақ біртүрлі бір жағдай болған. Әңгіме ол жайлы емес (қызық болса, төмееен жақтан оқысаңыз болады). Өткенде осында сатушылар “0 тенге и 1 секунда…” деп жазса, көөп лүпіл жинап жатқанын көрдім. Содан декретте оны-мұны сатып отырған мен де солай жазғым келді".