Саясаттанушының пайымдауларын сөзбе сөз беріп отырмыз:
«Қазір Трамптың қандай шешімге келетінін анықтау мүмкін емес. 2016 жылғы шілдеде оған Қырымның Ресейге қосылуын мойындау туралы сұрақ қойылған еді. Сол кезде ол «…кезінде көрерміз» және «мен Қырым халқы Ресей құрамында өмір сүргенді қалайды және қазір сонда өмір сүріп жатыр деп естідім», деп жауап берген еді.
Біз, кем дегенде, Қырымның кейбір тұрғындарының Ресей құрамында өмір сүргісі келетініне күмәнданбаймыз, әсіресе, 2014 жылғы Еуромайданнан кейін. Соған қарамастан, Трамп ЕЫҚҰ мен Батыс елдерінің ешқайсысы Қырымның аннексиясын мойындамағанын түсінбейтін сыңайлы.
Анығын айтқанда,
егер Трамп Қырымның Ресейге қосылғанын мойындаса, онда түбек посткеңестік кеңістіктегі оқшауланған режимдер тобы мен автократияның бөлігіне айналады.
2014 жылдан қазіргі күнге дейінгі Украинадағы оқиғаларға байланысты Қазақстанға қатысты Мичел былай деп жазған:
«…Ресей Украинаның оңтүстігіне баса-көктеп кіре салысымен үш ел Москваны қолдап шыға келді. ҚР Сыртқы істер министрлігі кейін алып тастаған тиісті мәлімдеме жариялады. Бүгінгі таңда Қазақстан көшбасшысы Украинадағы оқиғаларды пайымдауда Москваға қосылып, оларды төңкеріс ретінде бағалайтын әлемдегі жалғыз адам».
Ары қарай автор өзінің ойын былай деп түйіндейді:
«Егер Трамп Ресейдің Қырымды басып алуын қолдайтын болса, ол осы компанияға солармен бірге (сол елдермен – редакциядан) жауапты болады. Бірақ, Трамптың төңірегі оған «ерік бермеуі мүмкін». Айталық, Трамптың өзі Қорғаныс министрі қызметіне ұсынған үміткер Ресейді дұшпан санайды. Ал ұлттық барлау директоры лауазымына тағайындалғалы отырған жақтасы Дэн Коутс жақында «Ресейдің Қырымды аннексиялауын мойындамау туралы актісін» жария етті. Ол мұны, өзі айтқандай, „АҚШ Қырымның орыс иелігіне өткенін мойындамау және оны мойындау ретінде пайымдайтын шаралар іспетті қабылдамауы үшін бірқатар іс-шараларды қамтамасыз етуі керек„.
Дереккөзі: The Diplomat